- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Шри-Ланкадағы көтеріліс президентті...
Шри-Ланкадағы көтеріліс президентті отставкаға аттандырып тынды
Шри-Ланканың астанасы Коломбо қаласында болған көтерілістен ел президенті Готабая Раджапакс отставкаға кетіп тынды. Бұл жайлы Шри-Ланка парламентінің спикері мәлімдеді, деп жазады Massaget.kz сайты Еuronews ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Көтеріліске мыңдаған адам шыққан. Шри-Ланкада осыдан бірнеше ай бұрын басталған наразылық 9 шілдеде шарықтау шегіне жетті.
Сенбі, 9 шілде күні, президент резиденциясын басып алды. Полиция қызметкерлері қанша газ граната жарып, көкке оқ атып қорқытса да, наразылыққа шыққандарды тоқтата алмады. Қақтығыстан 45 адам жараланған.
"Бүгін біз жекпе-жекте жеңіске жеттік десем, қателеспеймін. Барлық келіспеушіліктерді қоя тұрып, президенттің үйін басып алдық. Біз Готабая Раджапакса мырзаның отставкаға кетемін деген мәлімдемесін күтеміз", - дейді наразылық білдірушілердің бірі, Коломбо тұрғыны Мохамад Имран.
Ел тұрғындары үкіметтің жұмысына наразы. Әсіресе, қазір қиын жағдайға тап болған экономикалық дағдарысты шеше алмағанына көңілі толмады. Шілдеде елдегі азық-түлік инфляциясы 57%-ға жетті – тұрғындар тамақ ішуге ақша таппай жүр, ал жанармай тапшылығына байланысты халық бензин кезегінде күні бойы тұруға мәжбүр.
Жағдайдың ушыққаны соншалық – мемлекеттік қызметкерлерге бес жылға демалыс беріліп, шетелге көшіп, жұмыс істеңдер деген ұсыныс та берілген.
Қ. Слямбек