Наразылық білдірушілер Шри-Ланка президенті Готабая Раджапакстың резиденциясына басып кірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.
Шри-Ланканың коммерциялық астанасы Коломбода мыңдаған шеруші сенбіде үкіметке қарсы ірі шерулердің бірінде полиция баррикадаларын бұзып, президенттің ресми резиденциясына басып кірді.
Шри-Ланка туы мен дулыға ұстаған кейбір наразылық білдірушінің президент резиденциясына басып кірген сәттің видеосы жергілікті NewsFirst жаңалықтарынан көрсетілді.
Президент үйінен Facebook желісі арқылы тікелей эфирде жүздеген наразылық білдіруші көрсетілді. Раджапаксаға қарсы ұрандатқан шерушілер бөлмелер мен дәліздерге қаптап кіріп жатыр, олардың кейбіреуі ту жамылып жүр.
Жүздеген адам отаршыл дәуірден бар ғимараттың сыртқы аумағында жүрді. Қауіпсіздік күші көрінбеді.
Аурухана дереккөздеріне сенсек, наразылық кезінде кемінде 21 адам, оның ішінде екі полиция қызметкері жараланып, ауруханаға жатқызылды.
Бұған дейін Шри-Ланка билігі елдің барлық сыртқы міндеттемесі бойынша төлемді тоқтату туралы хабарласа, Шри-Ланка премьер-министрі Ранил Викрамасингхе халыққа жолдауында елде бір тәулікке жетер бензин қалғанын мәлімдеді.
Еске салайық, соңғы апталарда дағдарыстың күшеюіне байланысты елде президент Готабая Раджапакса мен оның отбасына қарсы ауқымды, кейде зорлық-зомбылық аралас наразылық акциялары өткен. Ел Халықаралық валюта қорымен (ХВҚ) қаржылай көмек туралы келіссөзді бастап кетті және енді несие берушілермен де қарыз келісімін қайта қарастыруы керек. Дүниежүзілік банк Шри-Ланкаға 600 миллион доллар қаржылай көмек көрсетуге келісті.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!