- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Шри-Ланка президенті отставкасын...
Шри-Ланка президенті отставкасын электрон поштамен жолдады
Шри-Ланка президенті Готабайя Раджапакса парламентке отставкаға кету туралы өтінішін электрон пошта арқылы жолдады, - деп хабарлайды Deutsche Welle басылымы.
Басылым мәліметінше, Раджапакса мемлекет парламентінің спикері Махинда Япе Абейварденеге отставкаға кету туралы хат жолдаған.
"Электрон поштаның түпнұсқалығы мен заңдылығы ресми түрде қабылданбай тұрып тексерілуі керек", - деді парламент спикерінің баспасөз хатшысы Индунил Япа.
Баспасөз хатшысы мұндай отставка қабылдана ма, әзірге белгісіз екенін айтты.
Еске салайық, 13 шілдеде 73 жастағы президент әйелі және қауіпсіздік қызметінің 2 өкілімен әскери ұшаққа мініп елден қашып кеткен болатын.
Готабая Раджапакса билік басына 2019 жылы келген еді. Алайда пандемиядан кейін елді экономикалық дағдарыс жайлап, азық-түлік пен жанармай тапшылығы пайда болды. Салдарынан мамырдан бері жаппай наразылық шерулері басталып, 9 шілдеде ашынған халық президент резиденциясын басып кірген еді.
Ал Раджапакса белгісіз бағытқа бас сауғалап, соңынан парламент спикері арқылы өзінің шілденің 13-і қызметінен кететінін хабарлаған.
Г. Досымшалова