Танымал қазақстандық әнші Мақпал Жүнісова тойға барғанда ыңғайсыз жағдайға тап болып, халықты бір күлдіріп алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы Мақпал Жүнісова өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
"Жұлдызай қызымыз Ерасылдай теңін тапқан екен, тіл-көзден сақтасын, өте жарасымды жұп екен", - деп жазған әнші тойға барғанда шыны есікке соғылып қала жаздаған видеосын жариялап, жұртты күлкіге қарық етті.
Желі қолданушылары әншінің шынайылығына тәнті болып: "Екі жас бақытты болсын! Жұлдызайдың тойына барамын деп бір есік қарыз болып қала жаздадыңыз" деп әзілдеп жатыр.
Сонымен қатар, видеода Мақпал Жүнісованың видео түсіріп жатқан адамға "Әй, шпион!" деп жатқаны байқалады.
Оқырмандар мұның сырын сұрағанда әнші Мақпал Жүнісова былай деп жауап берді: "Жасұлан айтты жақындағанда айтыңыз өзім күтіп аламын деп, ал мен айтпай кіріп келсем, админ Мәкең келді деп айтып үлгеріпті, содан мені апұл-ғұпыл түсіріп жатыр екен, соған айтқам ғой шыпион деп".
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!