- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Ішпеймін, шекпеймін, оңды-солды...
"Ішпеймін, шекпеймін, оңды-солды жүрмеймін". Анна Данченко қандай өмір салтын ұстанатынын айтты
Танымал тележүргізуші, журналист Анна Данченко әлеуметтік желіде қандай өмір салтын ұстанатыны туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әлеуметтік желіде Анна Данченкоға оқырманы "Темекі шегесіз бе?" деген сұрақ қойған. Журналист "Ішпеймін! Шекпеймін! Оңды-солды жүрмеймін! Бірақ бұл сіздерге мінсіз болып көріну үшін емес! Мен өзін-өзі жасаған адаммын! Мен кадр сыртында да, кадрда да қалай бармын, солай жүремін. Бұл менің тәрбием мен таңдауым!", - деп жауап берді.
Ешкімді мінсіз деп ойлаудың қажеті жоқ екенін айтқан Анна Данченко: "Егер мен сізге ұнамайтын бірнәрсе жасасам да, бұл - менің таңдауым. Тырысқаным үшін Жаратқан маған сый береді, қателігім үшін де мені айыптайтын сіз емессіз!", - деп жазды.
Жауабының соңын сәл жұмсартып, әзілге айналдырған журналист "Мен де адаммын. Мысалы екі ай ұстанып жүргеніме қарамастан дұрыс тамақтану жүйесін бұздым, балмұздақ пен тәтті бәліштерді жақсы көретін адаммын", - деп күлді.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Д. Ибраева