Оралда болған ірі жол апатынан кейін БҚО әкімдігінің қызметкері жұмыстан босатылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
2024 жылғы қазан айында Оралда Тәуелсіздік пен Правдухина көшелерінің қиылысында жол апаты болды. Volkswagen Tiguan көлігінің 44 жастағы жүргізушісі бағдаршамда тұрған Mercedes көлігіне соқтығысқан. Соққыдан Mercedes ВАЗ және Skoda Rapid-пен соқтығысқан. Кейін Volkswagen Tiguan көлігін БҚО әкімдігінің қызметкері айдағаны белгілі болды.
Батыс Қазақстан облысы әкімінің баспасөз қызметі жетекшісінің айтуынша, жол апатына облыс әкімінің ішкі аудит қызметінің басшысы себепкер болған. Ресми деректерге сәйкес, Батыс Қазақстан облысы полиция департаменті оған қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабы ("Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы") бойынша әкімшілік іс қозғап, оған қатысты қылмыстық іс қозғалды, тиісті сараптамалар тағайындалды. Тергеу қорытындысы бойынша жол апатының материалдары сотқа жіберіледі.
"Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік этика нормаларын бұзғаны үшін Найзабеков қатаң сөгіс түріндегі тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Қазіргі уақытта Найзабеков қызметінен босатылды", - деді Батыс Қазақстан облысы әкімі баспасөз қызметінің жетекшісі Ерхан Тәткен.
Оралда 1 қазанда төрт көлік жол апатына ұшырады. Бұған дейін Батыс Қазақстан полиция департаменті медициналық сараптама қорытындысы бойынша Volkswagen Tiguan жүргізушісі мас күйінде көлік тізгіндегенін хабарлаған еді.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз