- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Мобильді аударым және декларация
Шотыңызға 300 мың теңге түссе, тексеріс күту керек пе?
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті (ҚМ МКК) 2025 жылы азаматтардың мобильді аударымдары қалай тексерілетіні туралы мәлімет берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Екінші деңгейлі банктер үш ай қатарынан 100-ден астам әртүрлі тұлғадан жалпы құны 255 мың теңгені құрайтын аударым алатын қазақстандықтар туралы мәліметтерді салық органдарына береді. Бұл көрсеткіш салық органдары үшін азаматтың заңсыз кәсіпкерлік қызметпен айналысуы мүмкін екендігін анықтайтын критерийлердің бірі болып саналады (ҚР Қаржы министрінің 2022 жылғы 29 наурыздағы №323 бұйрығына сәйкес). Салық органдары өз кезегінде Egov арқылы жеке тұлғаның кабинетіне хабарлама жіберіп, қаржылардың қайдан, қалай түскеніне қатысты түсінік беру үшін 30 тәулік уақыт береді. Жағдай бір жыл ішінде қайталанса, айыппұл салынады", - деді Жеке тұлғалардың кірістерін әкімшілендіру басқармасының бас сарапшысы Ерсайын Көптілеуұлы.
ҚМ МКК түсіндіргендей, Қазақстанда жалпыға ортақ декларациялаудың төртінші кезеңі тоқтатылғаннан кейін, кәсіпкерлер табыстарын жасыру немесе төмендету арқылы клиенттерден мобильді аударымдарды қайтадан белсенді түрде қабылдай бастады. Әзірге, тексеріс туралы заң күшіне енбеді. Ұлттық банкпен келісім сатысында ғана тұр. Салықтық тексеріс қаупін азайту үшін жеке кәсіпкер (ЖК) ретінде тіркелуге міндетті емес адамдарға келесі критерий ұсынылады:
Еске салсақ, екінші деңгейлі банктер мемлекеттік кірістер органдарына мәліметтерді кезең-кезеңімен береді:
- 2023 жылдан бастап - мемлекеттік қызметшілер мен оларға теңестірілген тұлғалар және олардың жұбайлары туралы;
- 2024 жылдан бастап - мемлекеттік мекемелердің, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметкерлері және олардың жұбайлары туралы;
- 2025 жылдан бастап - ЖК, заңды тұлғалардың басшылары және олардың жұбайлары туралы;
2026 жылдан бастап - қалған барлық азаматтар туралы. - Маңыздысы, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің (ӘҚБтК) 463-бабына сәйкес тіркеусіз кәсіпкерлік қызметпен айналысқан жағдайда 15 АЕК (2025 жылы - 58 980 теңге) мөлшерінде айыппұл салынады, ал қайталап бұзғаны үшін - 30 АЕК (117 960 теңге). Салық салынуға жататын объектілерді жасыру бойынша 275-бапқа сәйкес жасыруға тиісті төлемдер сомасының 200% мөлшерінде айыппұл қарастырылған.
Сондай-ақ 284-бапқа сәйкес төлем түбіртегін бермеген жағдайда алғаш рет ескерту жасалады, ал қайталанған жағдайда айыппұл мөлшері 30 АЕК-тен (117 960 теңге) 40 АЕК-ке (157 280 теңге) дейін жетеді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
А. Бақдаулет