- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Шошып кеттім". Павлодар...
"Шошып кеттім". Павлодар тұрғыны жүкті екенін босанардан бір сағат бұрын білген
Павлодар тұрғыны жүкті екенін босанардан бір сағат бұрын білген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Павлодар тұрғыны Наталья Тищенко "Ирбис" телеарнасының "Сигнал" жобасына өз оқиғасын айтып берді.
Әйел 2012 жылғы 2 ақпанда жедел жәрдем көлігімен жатыр миомасы диагнозымен ауруханаға жеткізілгенін айтты. Бірақ сол жерден оны перзентханаға жіберген.
"Сол күн барлық қызметкер есінде қалды. Босанғалы жатырсың дейді. Жеті айлық баланы дүниеге әкелдім. Дәрігер оның тірі екенін айтты. Ал мен шошып кеттім. Үш ай бойы жалақы төленбеген зауытта жұмыс істедім. Қалтамда бар болғаны мың теңге болды", – деп есіне алады.
Натальяның айтуынша, оның іші шықпаған, ол жеті ай бойы бала күтіп жүргенін білмеген.
Сол кезде Наталья күйеуімен ажырасып, басқа жігітпен бірге тұрып жатқан. Әйел босанғанын 10 күн бойы серіктесінен жасырған. Бала осы аралықта перзентханада жатқан.
Тағы да оқи отырыңыздар: Ғашық болу үшін қанша уақыт керек?
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек