Әлеуметтік желіде әнші Гүлнұр Оразымбетованың фонограммамен ән айтқан видеосы тарады. Әншінің өзі бұған қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұған дейін TikTok-та әнші Гүлнұр Оразымбетованың фонограммамен ән айтқан видеосы тарады. Кейін бұл видео өшіп кеткен. Онда әншінің "Көкке өрле" әнін түпнұсқасынан мүлдем басқаша "орындағанын" байқауға болады.
Әншінің өзі Instagram-да видеоның түпнұсқасын бөлісті.
"Негізі осылай болған ед?? Өләәәә,шошып кеттім ғой? Жау жоқ деме, жар астында деген, абай болыңыздар", - деп жазды әнші.
Әншінің оқырмандары "Оразымбетова әндерді нағыз жанды дауыспен айтатын нағыз әнші мен өзім қатты құрметтеймін", "Айттым ғой, дауысы бар деп. Елдің неше жылдық сүйіп тыңдайтын таңдаулы әншілерінің бірісіз ғой. Аяқтан шалуға дайын тұрамыз ғой", "Бәсе, басқа басқа Гүлнұрдың дауысы таза ғой", "Әдейі істегендері көрініп тұр! Таратты ал не тапты?! Ондай жағдай барлық әншінің басында болады!!!" деп пікір жазған.
Әнші Нұрболат Абдуллин де әріптесін "KZ жаңалықтарында бізден басқа жаңалық тапшы-ау деймін негізі)) ақталмаңыз, Гүлеке!" деп қолдаған.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!