Әлеуметтік желіде Самат есімді блогердің видеосы тарады. Кадрларда ол супермаркеттегі еден жуатын апайға жаңа жылға орай ерекше сыйлық жасайтыны көрінетін, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Блогер алғашында еден жуатын апайға пранк жасап, тек тасымалдаушы екенін, енді гүл, басқа да тәттілердің ақшасын төлеу қажет екенін айтады. Сасқалақтаған апай дәретханаға барып келуі керек екенін жеткізіп, кетуге асығады.
Осы кезде блогер мұның бәрін тосын сый екенін айтады.
@samatbloger Аналарымыз аман болсын!?.Профильдегі You Tube-арнаға қолдау көрсетіп жіберіңіздер.?Сіздерді жақсы көрем??#rek ♬ original sound - Samat.bloger
Желі қолданушыларының бәрі жантебірентер көрініске риза болды.
"Жаным, тәте шошып кетті", "Ақкөңіл екен, олай қорқыта бермеңдерші", "Ақкөңіл қазағым-ай", "Мың рет көрген шығармын", "Ақкөңіл қазақ қыздары", "Жаңа жылға керемет сыйлық", - дейді олар.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!