- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Шошып қалдым". Жұлдыз...
"Шошып қалдым". Жұлдыз Әбдікәрімова денсаулығына қатысты проблеманы айтты
Актриса Жұлдыз Әбдікәрімова әлеуметтік желідегі парақшасында денсаулығы туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оның сөзінше, бұған дейінгі ем шараларынан айтарлықтай нәтиже болмаған.
"Бір апта күндізгі стационарда болдым. Нәтиже болмады. Ауруханаға жату туралы шешім қабылданды. Себебін анықтау стадиясындамыз. Кешегі МРТ нәтижесі бойынша нейрохирург дәрігері тағы да терең тексеріс пен талдау жасау керегін айтты. Сол себепті ауруханада жатып емделетін болдым", - деді ол.
Актриса ауруханада жатып емделуді ұйғарған, сондай-ақ, компьютерлік томографиядан алған әсері туралы айтты.
"Компьютерлік томография сұмдық болды. Бірінші рет жасадым. Расымен, қорқып кеттім. Тамыр арқылы жоғары жылдамдықпен жібереді. Томографияға түсіп жатқан кезде шошып қалдым. Бірақ бәрі артта қалды", - деді Әбдікәрімова.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова