Желіде жүрегіне шошқаның жүрегін салған ер адам туралы ақпарат тарады. Мұсылмандарға шошқаның жүрегін салуға бола ма? Бұл туралы шариғатта қандай үкім айтылған? Massaget.kz тілшісі анықтап көрді.
Қазір медицинаның, ғылым мен технологияның едәуір дамуының арқасында жануарлардың ағзаларын адамға транспланттауға (ағза мүшесін ауыстыру -еск.) қол жеткізілді. Әралуан түрге жататын тіршілік иелерінің ағзасын немесе тінін бір түрден екінші түрге ауыстыру медицинада ксенотранспланттау деп аталады.
Ксенотранспланттауда еті желінетін және желінбейтін жануарлардың ағзаларын адамға ауыстыру деген екі түрі бар.
Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы өкілдерінің айтуынша, еті желінетін жануарлардың ағзасын адамға ауыстыруға рұқсат етілген.
"Ғалымдар трансплантацияның бұл түріне рұқсат береді. Тек еті желінетін жануарлар шариғат бойынша бауыздалуға тиіс әрі оның ағзасының адамға нақты пайдасы тиюі керек. Өйткені бұл - емделудің бір әдісі. "Нахл" сүресінің 5-аятында "Ол Сендер үшін төрт түлік малды жаратты. Оларда сендер үшін жылу беретін және пайдалар бар һәм оларды жейсіңдер" делінген. Пайғамбарымыз "Ақиқатында, Алла ауру мен дертті жіберді. Сондай-ақ, әрбір дертке дауа берді. Ем іздеңдер және емделіңдер. Бірақ хараммен емделмеңдер" деді", - делінген жауапта.
Ал Фатауа әл-Һиндия кітабында "Қой, сиыр, түйе, жылқы және одан басқа жануарлардың сүйегін емделу мақсатында қолданудың оқасы жоқ. Тек адам және доңыздың сүйегін пайдалануға болмайды" делінген.
"Ғалымдар доңыз және тағы басқа лас жануарлардың ағзасын адамға ауыстыруға тыйым салған. Имам ән-Науауидің айтуынша, "Егер бір адамның сүйегі сынса, оны таза жануардың сүйегімен алмастыру керек. Таза жануардың сүйегі бола тұра, нәжіс жануардың сүйегін салуға болмайды", - делінген жауапта.
Алайда транспланттаудың бұл түріне төмендегі шарттар орындалған жағдайда ғана рұқсат етіледі:
Меккеде өткен Ислам фиқһы академиясының 8-отырысындағы қарарда: "Еті желінетін жануар шариғат бойынша бауыздалса, ағзасын алып, адамға транспланттауға рұқсат. Ал таза емес жануардың ағзасын адамға транспланттауға зәру жағдайда ғана рұқсат етіледі" делінген.
Қорытындылай келе, еті желінетін жануардың ағзасын адамға ауыстыруға рұқсат. Бірақ ондай жануар шариғат бойынша бауыздалуы және науқасқа нақты пайдасы тиетініне көз жеткізу шарт.
Өлексе және доңыз секілді лас жануарлардың ағзаларын адамға салуға тыйым салынады. Тек мына шарттар негізінде рұқсат етіледі:
Еске салайық, бұған дейін АҚШ-та 58 жастағы ер адамға шошқаның жүрегі салынғаны туралы ақпарат тараған еді. Шошқаның жүрегі адамға кері әсер етпеуі үшін ол препараттар мен антиденелер ішуі керек. Бұған дейін мұндай ота былтыр жасалған.
@massaget.kz #шошқа#свинья#жүрек#операция#ота#рек#хочуврек#танымдық#жаңалық#қазақстан#казахстан#хочуврек ♬ оригинальный звук - Massaget.kz
Тағы да оқи отырыңыздар: Түркілерде мал және жайылым кімге тиесілі болды?
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!