Әлеуметтік желіде Асы үстіртіне барған ресейлік туристің видеосы тарады. Онда турист қоқыс шашылып жатқан жерлерге, турды ұйымдастырушыларға шағымданады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оның сөзінше, турды ұйымдастырушылар 250 адамға 4 гид қойған. Турист 1000 адамға 1 дәретхана екеніне де шағымданған. Тіпті ұйымдастырушылар төтенше жағдайға дайын емес екенін жеткізген.
"Бұл Қазақстандағы алпауыт турфирмалардың бәріне қатысты. Асы үстірті - елдеріңіздің інжу-маржаны, бірақ бұл жерлерді шошқа қора сияқты ұстасаңыздар, турларыңыздың мәні неде? Жоқ дегенде жұмыс күндері тазалауға барсаңыздар, ортақ күш-жігерді жұмылдырып бірнеше дәретхана қойсаңыздар??! Көп адам алып барасыздар, демалыс күндері 1000-1500 адам жиналады. Бұл мәселелерді шешу мүмкін емес пе? Жұмысшыларыңызға қалай мұндай қарым-қатынас жасайсыздар? Бір апта бұрын тауда болу қауіпті деп болжанған ауа райында қалай 75-100 адамға бір гид қоюға болады?" - деп жазды ол.
@mokkuoshka Это относится не только к @k.k.tour , это относится ко всем гигантам турфирм Казахстана. Плато Ассы - жемчужина вашей страны, но какой толк в ваших турах, если вы держите эти места как свинарник? Хоть бы ездили убираться в будни, общими усилиями поставили несколько туалетов??! Вы возите огромное количество людей, в выходные там по 1000-1500 человек собираются, неужеои нельзя собраться и решить эти вопросы? И как можно так относиться к своим работникам, одного гида поставить на 75-100 человек? В погоду, которую за неделю предсказали как опасную для нахлждения в горах. При ЧС эти студенты спрятались по норкам, не желая решать вопрос, и я их отлично понимаю. #платоассызвездопад #туристическийказахстан #казахстан ♬ original sound - Lauren McKay
Әлеуметтік желідегілердің басым көпшілігі де табиғаттағы нысандардың жағдайы нашар екенін жазған.
"Оларға тек ақша маңызды", "Қандай ұят?", "Біз жақында болдық, көру өте ауыр болды. Табиғатты тамашалауға барып едім", "Өте өкінішті", "Асының туризм түбіне жетті", - дейді олар.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз