- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Шошқа бүйрегі трансплантацияланған...
Шошқа бүйрегі трансплантацияланған алғашқы науқас операциядан 2 айдан кейін қайтыс болды
62 жастағы Рик Слейман генетикалық түрлендірілген шошқа бүйрегін трансплантациялаудың әлемдегі алғашқы тірі реципиенті болғаннан екі айдан кейін қайтыс болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "CNN" сілтеме жасап.
Слейманға шошқаның бүйрегі биыл наурызда Массачусетс ауруханасында трансплантацияланған еді. Ал сәуірде науқас ауруханадан үйге жіберілді. Содан кейін дәрігерлер ағзаның жақсы жұмыс істейтінін және барлық функцияны орындайтынын айтты. Олар жаңа бүйрек бірнеше жыл қызмет етуі мүмкін деп сендіргенімен, ағзаны жануардан адамға трансплантациялауда көптеген белгісіз дерек бар екенін және ағза органды қабылдамауы мүмкін екенін мойындады.
Слейман қайтыс болғаннан кейін аурухана қызметкерлері оның трансплантацияның салдарынан қайтыс болғанын дәлелдейтін ешқандай белгі жоқ екенін атап өтті.
Айта кетейік, Рик Слейман шошқа мүшелері трансплантациялаған жалғыз адам емес. Бұған дейін екі науқасқа осы жануардың жүрегі трансплантацияланған, екеуі де операциядан бірнеше апта өткен соң қайтыс болған.
Жануардың модификацияланған мүшелерін адамға трансплантациялаудың жағымсыз нәтижесіне қарамастан, дәрігерлер болашақта мұндай операция қаншама адамның өмірін сақтап қалатынына сенімді.
"Біз Слейман мырзаға және оның отбасына өте ризамыз. Біз оның мұрасын және ғылым мен медицинаға баға жетпес үлесін құрметтейміз, өмірлік маңызды органдарға мұқтаж дүние жүзіндегі миллиондаған науқасқа ксенотрансплантацияны ілгерілету бойынша күш-жігерімізді жалғастырамыз", - деп қосты компания өкілдері.
Тағы да оқи отырыңыздар: «Наурыз» ипотекасына өтінім қабылдау қашан аяқталады?
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Б. Жұмаділлә