- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Шортымен келе бастайды"....
"Шортымен келе бастайды". Депутат министр орынбасарының киіміне шүйлікті
Қырғызстан парламентінің депутаты Әлішер Ербаев ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары Айнур Туйбаеваны сырт келбетін сынады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Sputnik Қырғызстанға сілтеме жасап.
Оқиға 5 маусымда Жогорку Кенеш отырысында болды. Бірнеше сағат бұрын тағайындалған министрдің орынбасары Айнур Туйбаева алғаш рет депутаттарға таныстырылды.
"Сіздер міндеттеріңізді абыроймен атқарасыздар деп үміттенемін. Мен президент өкіліне айтқым келеді. Бұл - ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары. Дресс-код деген ұғым бар, баяндамашының сыртқы түріне назар аударыңыздар. Бұл - Жогорку Кенеш. Басқаларға да айтыңыз, әйтпесе шортымен келе бастайды", - деді депутат Әлішер Ербаев комитет отырысында.
Айта кетейік, Туйбаева жиынға қысқа шалбармен емес, жеңіл жейде мен шалбар киіп келген.
Осыған дейін 39 жастағы Айнур Туйбаева Қырғызстан цифрлық даму министрінің бірінші орынбасары қызметін атқарған.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек