Қоғам қайраткері Арман Шораевқа қатысты іс тоқтатылды. Бұл туралы ақпаратты Tengrinews.kz-ке Нұра ауданы прокуратурасы растады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"2024 жылғы 24 шілдеде Нұра аудандық полиция басқармасы ҚК 109-1-бабы 2-бөлігі 5-тармағы бойынша А.Т. Шораевқа қатысты қылмыстық істі тараптар татуласуына байланысты тоқтатты", - деп жазылған Астана прокуратурасының ресми сауалға жауабында.
Бұл әрекет "қылмыстық теріс қылықтарға" жататыны айтылды.
Еске салайық, бұған дейін Арман Шораев "бірге тұратын әйелін соққыға жықты" деген ақпаратқа пікір білдірді.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!