Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев қытайлар Қазақстанға неге турист ретінде келуі керек екенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте БАҚ өкілі әкімге "Қытаймен визасыз режим шығыс өңірдің туризімінің дамуына әсер ете ме?" деген сұрақ қойды.
"Қытай мен Қазақстан арасындағы визасыз режим - екі елге де пайда. Қытаймен осындай режимге келу әр елге түсе бермейді. Көп мәселені шешуге болады. "Шоппинг" жасау және мәдениетін көруге болады... Бизнес саласында да кәсіпкерлерімізге көптеген мүмкіндік ашылады", - деді Ермек Көшербаев.
Шенеунік басқа мемлекеттердің туризмінде ең көп ақша әкелетін қытайлар екенін айтады. Оның сөзінше, бұған пандемия кезінде Ресейде жұмыс істеп жүргенде көзі жеткен.
"Қазіргі таңда Марқакөл ауданы құрылып отыр. Кейбір заңға байланысты сұрақтарды шешсек, оған дұрыс инфрақұрылым салсақ, туристер жиі келсе өркендейді деп ойлаймын", - деді Көшербаев.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!