Танымал әнші Өктем Алтаев Алматыға алғаш келген жылдары зират тазалаушы мен наубайханада күзетші болып жұмыс істегенін еске алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы ол "Алғашқы" бағдарламасына берген сұхбатында бөлісті.
"Әйелім медициналық тіркеуге тұрды. Содан медбике 4 баланы тіркеп жатқанда "оларды қалай асырайсыңдар" деп ұрысқан. Әйелім үйге жылап келді. Менде жұмыс жоқ. Сөйтіп біз көпбалалы отбасыға берілетін жәрдемақы алып жүрдік. Бізді шақырып алып, жұмыс істетеді. Мені Райымбек бабамыздың ескерткіші тұрған жердің ар жағында мазарат бар. Сол жерге мені жұмысқа тұрғызды. Мен орыстардың зиратында шөп жұлып, сыпыратынмын. Бұл - Алматыдағы алғашқы қадамдар", - дейді ол.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!