Алматы облысында жол апатына көлік дөңгелегінің жарылып кетуі себеп болуы мүмкін. Шонжы-Қалжат тасжолында болған қайғылы оқиғадан екі әйел көз жұмды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.
Телеарна мәліметінше, Lexus көлігі жүріп келе атқанда артқы дөңгелегі жарылған. Содан кейін көлік аударылып кеткен.
Салонда 3 әйел болған. Жүргізуші мен бір жолаушы сол жерде көз жұмған. Тағы біреуі ауруханаға жеткізілді. 25 жастағы қыздың миы шайқалған, көптеген жарақат алған. Жағдайы ауыр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!