ҚР Үкіметінің қаулысымен Шолпан Таңатқызы Каринова Қазақстан Республикасының оқу-ағарту бірінші вице-министрі қызметінен босатылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"ҚР Үкіметінің қаулысымен Шолпан Таңатқызы Каринова берген өтінішіне сәйкес Қазақстан Республикасының оқу-ағарту бірінші вице-министрі қызметінен босатылды", - делінген хабарламада.
Шолпан Каринова 1972 жылы Ақмола облысында дүниеге келген.
Еңбек жолын 1994 жылы орта мектеп мұғалімі болып бастады.
1998-1999 жылдары - орыс тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі.
1999-2000 жылдары - орыс сыныптарында қазақ тілінің мұғалімі.
2000-2002 жылдары - Солтүстік Қазақстан облысындағы Ленинград орта мектебі директорының оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары.
2003-2004 жылдары — СҚО Тайынша ауданы Білім және спорт бөлімінің әдіскері; оқу жұмысы бойынша бөлімше басшысының м.а.
2004-2005 жылдары - СҚО Тайынша ауданы №5 орта мектебінің директоры.
2005-2008 жылдары СҚО Тайынша ауданының білім бөлімінде басшылық лауазымдарды атқарды.
2008-2009 жылдары - СҚО Тайынша қаласы әкімінің аппараты құрылымдық бөлімінің басшысы.
2009-2012 жылдары - СҚО Петропавл қаласы Білім басқармасы басшысының орынбасары.
2012-2013 жылдары - Петропавл қаласы әкімінің әлеуметтік сала жөніндегі орынбасары.
2013-2017 жылдары - СҚО Петропавл қаласы Білім басқармасы басшысының м.а.
2017-2018 жылдары - ҚР БҒМ Мектепке дейінгі және орта білім департаментінің директоры.
2018-2019 жылдары - Астана қаласындағы «Назарбаев Зияткерлік мектебі» Педагогикалық шеберлік орталығы директорының орынбасары.
2019-2021 жылдары ҚР білім және ғылым вице-министрі қызметін атқарды.
2021 жылдың қыркүйегінен бастап осы уақытқа дейін - ҚР білім және ғылым бірінші вице-министрі.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!