- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Әуежайдағы қызықтар
Шөлмектен кобра шықты: Астана әуежайынан заңсыз алып өтпек болған 7 ерекше зат
Жолаушылар әуежай арқылы сирек кездесетін жануарлар, кісендер, тіпті өрт сөндіргіш құралды да алып өтпек болады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengritravel.kz-ке сілтеме жасап.
Елорда әуежайының баспасөз қызметі қызықты, бірақ шағын тізім ұсынды.
2024 жылы жолаушылар мына заттарды алып өтпек болған:
- бөтелкедегі кобра;
- өткір сюрикэндер (лақтыратын қарудың түрі) және бумерангтар;
- гендерлік кешке арналған өрт сөндіргіш құрал;
- атыс қаруына ұқсайтын қолшатыр;
- дубинкалар;
- далапқа, тараққа, белдікке жасырылған пышақтар;
- бензопила.
Фото: Астана әуежайының баспасөз қызметі
Астана әуежайының баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл заттардың барлығы тәркіленген. Сондай-ақ кастеттер мен телескопиялық дубинкаларды (бұл толыққанды дубинкаларға айналатын ықшам жиналмалы өзін-өзі қорғау құралдары) өзіңізбен бірге әуежай арқылы алып жүруге болмайды - оларды да тәркілейді, ал тасымалдаушы жолаушы рейстен түсіріліп, айыппұл салынуы мүмкін.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, 2024 жылдың 2 қарашасында Астана әуежайының ішкі рейсінде кобра салынған және тиісті техникалық паспорты мен сертификаты жоқ сұйықтық анықталып, тәркіленген.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина