- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Шөлдей беру қандай...
Шөлдей беру қандай аурудың белгісі болуы мүмкін?
Мамандар өзіңізді жақсы сезіну үшін күнде көп су ішу керегін айтады. Әдетте адамның әр 1 кг салмағына 30 мл су ішу ұсынылады. Бірақ кей адамдар қатты шөлдей беретіндерін және көп су ішкісі келетіндерін айтады. Бұл жағдай қандай да бір ағза проблемасын көрсетуі мүмкін. Шөлдей беру қандай аурулардың белгісі болуы мүмкін? Бұл сұраққа эндокринолог Елена Губкина "Аif.ru"-ге жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Шөлдеу – сұйықтықты толықтыру керегін білдіретін ағзаның қалыпты жағдайы. Су ішудің орташа тәуліктік нормасы - шамамен 2 литр.
Егер сұйықтықты ішу бұл көрсеткіштен көп болса және адам үнемі су ішкісі келе берсе, ол мына аурулардың белгісі болуы мүмкін:
- Қант диабеті. Қандағы қант деңгейі жоғары болғандықтан, ағза артық глюкозадан бүйрек арқылы арылуға тырысады. Бұл жиі зәр шығаруға, нәтижесінде, шөлдей беруге әкеледі;
- Қалқанша без қызметінің жоғарылауы (тиреотоксикоз);
- Бүйрек ауруы, цистит және басқа да зәр шығару жолдарының инфекциялары;
- Гиперкальциемия. Қанда кальцийдің көп болуы шөлдей беруіңізге әкеледі. Сондай-ақ онымен бірге әлсіздік, жүрек айну және шаршаңқылық қатар жүруі мүмкін;
- Сусыздану. Ағзаға сұйықтық жетіспеуі қарқынды физикалық жүктеме, ыстық ауа райы немесе суды жеткілікті ішпеуден пайда болуы мүмкін.
Егер сұйықтық ішуге деген қажеттілік айқын себептерсіз пайда болғанын байқасаңыз, бұл дәрігерге қаралуға себеп болуы мүмкін. Әсіресе, ол жиі зәр шығару, шаршаңқылық, түсініксіз салмақ тастау немесе терінің қышуымен қатар жүрсе, міндетті түрде дәрігерге көрініп тексеріліңіз.
Оқи отырыңыз: Сізге көбірек қозғалу керегін білдіретін 5 белгі
А. Жапатова