Шөлдалада алғаш рет қар мен бұршақ жауды

Мәңгі жаз болып тұратын Сауд Арабиясында қар мен бұршақ жауып, таңғалдырды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Сауд Арабиясында Солтүстік әл-Джауф шөлді аймағын қар басып қалды.

Айта кетейік, бірнеше күн бұрын шөлді аймақтың кей жеріне бұршақ аралас жаңбыр жауған болатын. Ал сенбіде таулы аймақтарға қар жауды.

Шөлді аймақта мұндай құбылыстың орын алуы өте сирек болатындықтан, күзде қар жаууы жергілікті халық үшін таңғалдыратын жағдай болды. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!