Шоколадты мөлшерімен тұтынса, денсаулыққа пайдалы. Алайда оны дұрыс тұтынбау тамырдың бітелуі, гормон бұзылысы, семіздік, тіпті қатерлі ісіктің пайда болуына себеп болуы мүмкін, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы терапевт Бибі-Айша Есенғазы baribar.kz сайтына берген сұхбатында айтты.
Егер құрамында - пальма, рапс, кокос майы болса, шоколадтың сапасы өте төмен деген сөз. Бұл тамырдың бітелуі, гормон бұзылысы, семіздік, тіпті қатерлі ісік пайда болуына себеп болуы мүмкін. Себебі онда трансмайлар бар. Мұндай шоколадты диабетпен ауыратындар мүлдем жемеуі керек.
Сонымен қатар шоколад аллергия шақыруы мүмкін. Құрамында таныс емес бөгде зат болғандықтан, ағза реакция береді. Ересектердің "Балаға тәтті берме, диатез болады" дейтіні, адам бетінде бөртпе пайда болуы осы механизммен түсіндіріледі.
50 жастан асқанда шоколадты рационнан алып тастау қажет. Жас ұлғая зат алмасу баяулайды, сол себепті шоколадтағы ауыр токсиндер жүрек, бас ауруына, ұйқы бұзылуына алып келеді, - дейді дәрігер.
Шоколад жеудің нормасы - күніне 40 грамм. Ащы шоколадтан күніне тек 25 грамм жеуге болады.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз