Тәттілер жегесін әдетте тіс тазалаймыз. Бұл қалыпты жағдай саналады. Бірақ стоматологтар бұл әдет қауіпті екенін айтады.
Қант тіске зиян, шоколад, печенье, торт және басқа да тәттілерді көп жеген сайын қауіп арта түседі. Сонымен қатар, қарапайым щеткамен тазалау жеткіліксіз: тіс щеткасы заманауи және қымбат болса да, тістердің арасында тұрып қалған тамақ бөлшектерін толығымен кетіре алмайды. Ол үшін ирригатор мен тіс жібін пайдалану керек.
"Шоколадтағы қанттың көп мөлшері зиянды ол тіс тасының пайда болуына себеп болуы мүмкін, егер тәттілер тісте қалса тістің шіруіне, пульпитке және қызыл иек ауруларына әкелуі мүмкін", - дейді стоматолог Аманда Шихан.
Тәттіден кейін дереу тістерін тазалау өте зиян екен. Дәрігерлер тісті тазаламас бұрын, шамамен 20-30 минут күтуді ескертеді.
"Құрамында қышқылдар немесе қанты бар тамақтан кейін тістеріңізді тазаласаңыз, тіс эмалына зақым келтіресіз. Сілекей улы заттардың зиянды әсерін бейтараптандыруға үлгермейді, сондықтан щеткамен тазалау тек тіске зиян. Уақыт өте келе эмаль жұқарады және кариес пайда болып, қызыл иек қанағыш болады. Ал егер зардап шеккен тіс дер кезінде емделмесе, стоматолог көмегіне жүгінесіз", - дейді маман.
Тағы бір маңызды ескерту тісті жуғасын ғана ұйықтаңыз. Тіпті қатты шаршап, төсекке тезірек жатқыңыз келсе де тіс тазалауды кейінге қалдырмаңыз. Түнде тамақ бөліктерінде қалған микробтар белсенді түрде көбейе бастайды, өйткені сілекей күндізгідей мөлшерде өндірілмейді.
Тістеріңізді сау ұстауға көмектесетін тағы бірнеше кеңестер:
• тамақ арасында таза су ішу;
• сағыз шайнаңыз, ол сілекей шығаруға көмектеседі;
• азырақ тағам жеу керек;
• қара және көк шай ішіңіз - сусынның бұл сорттарында фторид бар, сондықтан тістерді қорғауға және тіс жегісінің алдын алуға көмектеседі.
Және әрине, мүмкін болса, тамақтан кейін тісті тазалаңыз.