- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Шок болып отырмын"....
"Шок болып отырмын". "Меломен" тобы әншісінің бұрынғы әйелі экс-күйеуінің алғаш рет алимент төлегенін айтты
"Меломен" тобының әншісі Ғабит Әбілдаевтың бұрынғы әйелі Нұрилла Ақберген ер адамдардың ортақ бала үшін жауапкершілік алмайтынына қынжылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Блогер бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
"Шок болып отырмын.
Алимент па әлде коммуналдық қызметтер ме?
Неге осындай резонанстан кейін ғана алимент деп салу керек?!
Бала деген ортақ қой. Әкемін деген адам балаларының жағдайын ойлап, неге өзі мән бермейді?
Әкелер жауапкершілік алу үшін осындай резонанс жасауымыз керек пе?
Мен оны қаламаймын.
Бірнеше ай бойы орындалмаған іс насырға шауып, жарықты өшіретін болған соң ғана осылай "алимент" деп ақысын салады.
Әрине, рақмет. Осындай жауапкершілік алу үшін халықтың алдына шығып, осылай атйуым керек пе еді", - деп жазды ол.
Тағы да оқи отырыңыздар: Қара тігу деген не?
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Б. Жұмаділлә