Әйелінің әпкесін қатты соққыға жыққан Шымкент тұрғыны шартты жазамен құтылды. Ол әйелдің мұрнын, тісін сындырған. Соққыдан кейін әйелдің баласы шала, кемістікпен дүниеге келген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Otyrar.kz-ке сілтеме жасап.
Зардап шеккен Назмина Ташмұратова әпкесі үшін болысқан. Былтыр күзде әпкесі күйеуімен ажыраспақ болған, Назмина Ташмұратова әпкесінің заттарын алып кету үшін анасымен жездесінің үйіне барған. Алайда үйдегі ер адам бар ашуын туыстарынан алған. Ер адам жүктілігінің жетінші айында болған Назминаның бірнеше тісін, мұрнын сындырып, ішін қатты соққан. Нәтижесінде нәресте мерзімінен бұрын дүниеге келген", - дейді жәбірленуші.
"Әпкем күйеуімен түнісіпей жүрген соң, одан кетіп қалды. Ал біз заттарын алуға барғанымызда ол анама шабуыл жасады. Мен мұны күтпеген едім, құлап қалдым, ол мені екі рет ішімнен тепті. Балам дүниеге жүрек ақауымен келді", - дейді Назмина.
11 айдан кейін ер адам денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтірді деген айыппен сот алдына келді. Жәбірленушілер ер адамға ең ауыр жаза - екі жылға дейін бас бостандығынан айырылу жазасы тағайындалады деп үміттенген. Бірақ сот басқаша шешім қабылдады.
"Сот жәбірленушінің үйге жағдайды реттеуге өзі барғанын ескерді. Сот үкімімен сотталушы орташа ауырлықтағы зиян келтіргені үшін кінәлі деп танылып, оған бір жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды", - дейді қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының судьясы Мақсат Мыстаев.
Жәбірленушілер үкіммен келіспей, аппеляциялық шағым түсірмекші. Заңгерлер отбасындағы зорлық-зомбылыққа қатысты айыппұлдар мен әкімшілік қамауға алу жүйесінің тиімсіз екенін де атап өтеді.
"Тұрмыстық зорлық-зомбылық, оның ішінде ұрып-соғу үшін қылмыстық жауапкершілікті енгізу мәселесін көтеру қажет. Тек отбасы емес, жалпы ұрып-соғу үшін. Қоғамдық жұмыстарды, бас бостандығын шектеуді немесе қысқа мерзімге бас бостандығынан айыруды жазалаудың және денсаулыққа жеңіл зиян келтірудің тиімді әдістерінің бірі деп санаймын", - дейді Қазақстан заңгерлер одағының атқарушы директоры Серік Беркамалов.
Басылым мәліметінше, кейінгі екі жарым жылда 300 қазақ әйелі күйеуі мен ғашығының қолынан қаза тапқан. 900-ге жуық адам ауыр жарақат алған.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!