- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ішінен тепкен: полиция...
Ішінен тепкен: полиция пойыздағы төбелеске қатысты пікір білдірді
Алматы-Маңғыстау бағытындағы жолаушылар пойызында поезд бастығы мен 37-жастағы жолаушы төбелесіп қалған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Басылым мәліметінше, 30 желтоқсанда Тараз станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері Алматы-Маңғыстау бағытындағы жолаушылар пойызында поезд бастығы мен 37-жастағы жолаушы арасында орын алған құқықбұзылушылыққа қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 389-бабының 1-бөлігі (Өзінше билік ету) бойынша соталды тергеп-тексеру басталған болатын. Қазіргі уақытта қылмыстық іс аумақ бойынша Шымкент станциясындағы желілік полиция бөлімімен тергеп-тексеріліп жатыр.
Айта кетейік, видеода ер адам болжам бойынша пойызда сауда жасап жүрген әйелмен төелесіп қалғанын көруге болады. Ер адам әйелдің ішінен теуіп жіберген.
@taga___777 Р.К КАЗАХСТАН 22 ДЕКАБРЯ 2022 ГОДУ ПОЕЗ 77 АЛМАТА МАНГЕСТАУ ПРАВАДНИК ПОЕЗА ДЕВУШКУ ПИНАЕТ ПО ЖИВАТУ СЛЕВАЙ НАГОЙ ПРОШУ ВСЕХ РАСПРАСТРАНИТЬ ВИДЕО ПО РК КАЗАХСТАН
♬ оригинальный звук - taga
Одан бөлек, алғашқы тексеруде пойыздың 37 жастағы жолаушысы ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 204-бабы (Қоғамдық орында сауда сату) және 434-бабы (Ұсақ бұзақылық) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ, пойыз басшысы Р-ға қатысты ҚР ӘҚБК-нің 434 бабы (Ұсақ бұзақылық) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.
17 қаңтарда жоғарыда аталған әкімшілік істер Тараз қаласының Арнайы мамандырылған әкімшілік сотына жолданатын болады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина