Ішінде вахталық жұмысқа бара жатқан 50 адам болған: Абай облысында автобус аударылып қалды

Ішінде вахталық жұмысқа бара жатқан 50 адам болған: Абай облысында автобус аударылып қалды
Фото: Видео кадры

Абай облысында автобус аударылып қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

31 қаңтарда сағат 10:30-да 102 арнасына Семей-Қайнар тасжолының 62-шақырымында, Знаменка ауылының маңында болған жол апаты туралы хабарлама түскен.

Алдын ала мәліметке сәйкес 52 жастағы жүргізуші тізгіндеген SETRA маркалы жолаушылар автобусы жолдан шығып кетіп, кейін аударылған.

"Автобус салонында вахталық жұмысқа бара жатқан 50 жолаушы болған. Жол апаты салдарынан жолаушылар дене жарақатын алған. Барлық адамға уақтылы медициналық көмек көрсетілді", - деді Абай облысы ПД өкілі.

Бұл дерек бойынша тексеріс басталды. Оқиғаның барлық мән-жайы мен себебі анықталып жатыр.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget