Кейде шие немесе өрік секілді жеміс-жидектердің ішінде құрт жүреді. Сол үшін кей адамдар жеміс-жидек жегенді жақсы көрмейді. Ал біреулер, керісінше, құрт жеген жеміс-жидекті экологиялық таза деп санайды. Құрты бар жеміс-жидектерді жеу қауіпті ме? Бұл сұраққа дәрігер Анна Шуляева жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Аif.ru"-ге сілтеме жасап.
Егер жемісте құрт жүрсе, ода тұрған ештеңе жоқ. Бұл жемістің бұзылғанын білдірмейді. Әрине, құртты жеудің қажеті жоқ, оны алып тастауға болады немесе құрты бар жидекті ысырып қойып, жанындағы құрты жоғын жей беріңіз", - дейді Анна Шуляева.
Алайда жеміс-жидек лас болса немесе сатып алған жердің сапасына сенімсіз болсаңыз, мұндай өнімді жеуден бас тартқан жөн. Себебі оларда көзге көріне бермейтін паразиттердің құрттары болуы мүмкін. Паразиттерді жұқтырсаңыз, іш ауыруы, іш кебуі, жүрек айнуы және асқорыту жүйесімен байланысты басқа да бұзылыстарға әкелуі мүмкін.
Мұндай жұқпаның ұзақ мерзімді салдарына теріде бөртпенің пайда болуы, ісіну, бұлшықеттер ауруы, панкреатит, механикалық сарғаю және ішек бітелісі жатады.
Оқи отырыңыз: Жемістер мен көкөністерді нитраттардан қалай тазартамыз?
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!