- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ішінде кереуеттері болған:...
Ішінде кереуеттері болған: Ақтөбе облысында қонақүй тәрізді автобус анықталды
Ақтөбе облысында полиция қонақүй тәрізді қайта жабдықталған автобусты анықтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Setra автобусының жүргізушісі клиенттерді қызықтыру мақсатында автобуста орындықтарды төсек-орын төселген кереуеттерге өзгертіп, жолаушыларды алыс қашыққа тасымалдаған.
5 шілдеде Т.Жүргенев ауылының маңында Қарабұтақ-Қостанай тасжолы бойында патрульдік полиция ротасының инспекторлары Setra маркалы автобусты тоқтатты. Бұл көлік Астанадан Қазалы қаласына бет алған. Тексеріс кезінде автобус орындықтары төсек-орындарға ауыстырылғаны анықталды.
Автобус жолаушылары салонда орнатылған кереуеттерге орналасқан. Жүргізушінің салонды жабдықтауға рұқсаты болмағаны анықталды. Сондай-ақ, жүргізушінің көлік басқаруға тиісті D санатынсыз жүргені белгілі болды.
"Салонды заңсыз қайта жабдықтау және көлікті басқаруға құқығы болмауына байланысты автобус жүргізушісі әкімшілік жауапкершілікке тартылады", - деп жазылған хабарламада.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Кейінгі уақытта Ақтөбе облысында қоғамдық көлік жүргізушілері тарапынан жол қозғалысы ережелерін бұзудың 199 дерегі анықталды. Автобус Әйтеке би ауданы полиция бөлімінің арнайы тұрағына қойылды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова