“Ішінде жүкті әйел болған“. Ақтөбеде жедел жәрдем көлігі аударылып қалған

“Ішінде жүкті әйел болған“. Ақтөбеде жедел жәрдем көлігі аударылып қалған
Фото: Ақтөбе облысы ПД

Ақтөбеде жедел жәрдем көлігі жол апатына ұшырады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Өңірдің Полиция департаменті мәліметінше, Сәңкібай батыр даңғылында жедел жәрдем көлігі мен Toyota көлігі жол апатына ұшыраған.

Ақтөбе облысы ПД

"Оқиға салдарынан жедел жәрдем көлігі аударылды. Жедел жәрдем көлігіндегі науқас медициналық мекемеге жеткізілді", - деп жазылған полицияның хабарламасында.

Кейбір БАҚ мәліметінше, жедел жәрдем көлігінің ішінде жүктіліктің 39-аптасында болған әйел отырған.

Полиция жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, жолда мұқият болуға шақырды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget