Ұлытау облысында қар құрсауында қалғандар құтқарылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
ТЖМ құтқарушылары 2 баласы бар әйелді қар үйіндісінен эвакуациялады.
ТЖМ қызметкерлері авариялық-құтқару жұмыстарынан келе жатып, қар құрсауында қалған 2 жеңіл көлікті байқаған.
"Тоқтағаннан кейін құтқарушылар саяхатшылардың жағдайын сұрап, олардың арасынан екі кішкентай баласы бар әйелді көргеннен кейін жақын маңдағы елді мекенге эвакуациялау туралы шешім қабылдады", - деп жазылған хабарламада.
Ұлытау ауданының Қоскөл ауылынан көліктерді сүйреп шығару үшін қарсы шыққан ауыр техниканы күту үшін төрт адам көлікте қалған.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Қадыржанова