"Ішінде бір отбасы отырған". Қостанайда көлік шұңқырға түсіп кетті

Қостанайда көлік шұңқырға түсіп кеткен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

22 қарашада таңғы сағат 9 шамасында Летунов көшесіндегі үйлердің бірінің маңында 30 жастағы жүргізуші тізгендеген Infiniti көлігі шұңқырға түсіп кеткен.

"Көлікте отбасы, оның ішінде бала болған. Апат салдарынан көлік жолаушысы зардап шекті", - делінген хабарламада.

ІІМ

Полиция кабель төсеу бойынша жөндеу жұмыстарын жүргізген мердігер ұйымды анықтады. Оқиға орнында тиісті жол белгілері болмаған.

Зардап шеккендерге сот-медициналық сараптама тағайындалды. Оның нәтижелері бойынша іс жүргізу шешімі қабылданатыны айтылды.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!