Ішінде балалар болған: Ақтөбеде дүкен өртеніп кеткен

Ішінде балалар болған: Ақтөбеде дүкен өртеніп кеткен
Фото: depositphotos.com

Ақтөбеде дүкеннен өрт шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

ТЖМ баспасөз қызметі мәліметінше, Ақтөбе қаласында тоғыз қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатындағы азық-түлік дүкенінде 4 шаршы метр алаңда тоңазытқыш өртенген.

"Құтқарушылардың жедел іс-қимылдарының арқасында өрт шақыру түскен сәттен бастап 20 минут ішінде ауыздықталды. ТЖМ күшімен баспалдақ маршымен 7 адам құтқарылды, оның ішінде 3-і бала, ал жоғарғы қабаттардан 5 бала және 11 ересек адам эвакуацияланды", - деп жазылған хабарламада.

Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр. ТЖМ азаматтардан өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова