- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ішінде бала да...
Ішінде бала да бар: Ақмола облысында 16 ресейлік жолда қалып қойған
Фото:
ПД
Ақмола облысындағы тасжолда автобус бұзылып, 16 ресейлік жолда қалып қойған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Полиция департаментіне сілтеме жасап.
10 қаңтарда Астана-Петропавл тасжолында патруль қызметкерлері Айбол Қабдуалиев пен Илья Қабдуалиев жол жиегінде қалған ресейлік нөмірлі, Hyundai маркалы автобусты байқайды. Жүргізушінің айтуынша, олар Екатеринбургтен Қарағандыға бара жатқан. Автобус ішіндегі 16 адам тоңып қалған, оның біреуі - 6 жасар бала. Бала дереу полиция қызметінің көлігіне ауыстырылды.
Видеодан алынған кадр
Автобус жолаушылары Біржан сал ауданына қарасты ауылдық кітапханада орналасқан жылу пунктіне жеткізілді.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова