Ішінде адамдар отырған: Талдықорған - Текелі тасжолында көліктің үстіне үлкен ағаш құлады

Ішінде адамдар отырған: Талдықорған - Текелі тасжолында көліктің үстіне үлкен ағаш құлады
Фото: instagram/krisp.tdk

Талдықорған - Текелі тасжолында Toyota Camry көлігінің үстіне ағаш құлады. Оқиға 21 шілдеде болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ескелді ауданы әкімдігі мәліметінше, ағаш жолға қолайсыз ауа райы салдарынан, яғни қатты желден құлаған.

Ағаш құлаған көліктің ішінде бес адам болған. Зардап шеккендер Ескелді аудандық орталық ауруханасына жеткізілген. Қазір олардың жағдайы тұрақты деп бағаланып отыр.

Құлаған ағаш жолдан алынған, көліктер жүріп жатыр, жолдан өтуге ешқандай кедергі жоқ.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Кертаев Айдос (@krisp.tdk)

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget