- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Ішінде 6 миллион...
"Ішінде 6 миллион теңгесі бар гүл". Әйеліне елде жоқ сыйлық жасаған ер адам жұртты таңғалдырды
Ақжол Жұмағұлов есімді желі қолданушысының жұбайының туған күніне жасаған тосынсыйы жұртты таңғалдырды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ер адам әйеліне 101 раушан гүлін сыйлаған. Ал әрбір гүлде 100 доллар мен 20 мың теңге оралған. Кадрлардан ол алғашында қорапқа әртүрлі сөз жазылған қағаздар мен тәттілер салғаны көрінеді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Кейінірек ол әйеліне үлкен қорапты көрсетеді. Ал оның ішіне долларлар мен теңгелер салынған.
Желі қолданушыларының басым көпшілігі мәрт жігіттің мұндай сыйлығына таңданысын жасырмаған.
"Романтик, мәселе ақшада да емес", "Қандай тамаша көрініс, бақытты болыңдар", "Көз тимесін, бар болыңдар", "Бақытты болыңдар", "Тосынсыйға керемет идея", - дейді олар.
Тіпті көпшілік қорап пен гүлдің ішінде қанша ақша барын санап та үлгерген. Олардың сөзінше, гүлде 6 миллион теңгеден аса ақша бар, ал қорапта одан да көп болуы мүмкін.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Қадыржанова