Жамбылдық полицейлер көлігін "тапшанға" айналдырған шетелдік азаматты анықтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Көлікте 12 жолаушы, оның ішінде 5 бала болған. Жүргізушіге қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 590-бабы 5-бөлігі және 590-бабының 7-бөлігі бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды. Сонымен қатар, ер адамның Қазақстан Республикасында бірнеше төленбеген айыппұлдары бар болып шыққан. Ал көлік айыппұл тұрағына қойылды.
"Жүргізуші мен жолаушылар көрші мемлекеттің азаматтары екені және Ресейге табыс табу үшін барғаны анықталды. Автокөлік айыппұл тұрағына қойылды" - деді Жамбыл облысы ПД өкілі Дәулетбек Жанғабылов.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!