- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- “Ішімде бір қорқыныш...
“Ішімде бір қорқыныш болады“. Гүлнұр Мамасарипова жаңа туындысы туралы айтты
Танымал кинопродюсер Гүлнұр Мамасарипова жаңа сериалды қалай уайымдағанын айтып, ағынан жарылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Әр киноны бастағанда ішімде бір қорқыныш болады. "Өтпей қалса ше?" деген. Әлеуметтік желідегі секундтық дүниелерге тойып алған жұртты 40 минуттық серияға қалай байласам болады? Өмірдің мәнін түсіндіру үшін кейде үнсіз кадрлар керек болатынын қалай жеткізем?.. Осындай ойлар жеп тастайды", - деп жазды ол кино күні қарсаңында.
Айта кетейік, жақында продюсердің қызы Сара Амангелді басты рөлді сомдаған "Күзде келген көктем" атты сериал жарыққа шыққан болатын. Кинопродюсер бұл туындысы туралы да ойын айтты.
"Күзде келген көктем" өз көрерменін таба алмай қала ма деп те уайымдадым. Алғашқы бес сериясы жарыққа шықты. Енді ғана жүрегімде сенім пайда болды. Ұнатып жатқандардың қарасы көбейіп келеді. Әр сериясы шыққан сайын пікір жазып, талқыға түсіп жатыр. Әр сериясын күтетіндер де көп. Біртіндеп көрерменін табар", - деп жазды ол.
Гүлнұр Мамасарипованың актерлік құрамға көңілі толатынын аңғаруға болады.
"Актерлік құрамға мың алғыс. Олар ойнаған жоқ, олар өмір сүрді", - деп жазды ол желідегі парақшасында.
Еске салайық, жақында Гүлнұр Мамасарипованың қызы Сара Амангелді жеке өміріне байланысты жақсы жаңалығын жария еткен болатын.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Д. Ибраева