Танымал әнші Төреғали Төреәлі тойға жаңа образбен шығып, жұртты таңғалдырды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әнші тойға атаның гримін жасатып, шапан киіп барған. Тойға жиналған қауым, тіпті өзінің отбасындағы кейбір адамдар оны танымай қалған көрінеді.
"Ата болып тойды жарып қайттым. Көңіл күй сыйладым ба?", - деп жазды ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.
"Ұлы дала Баласы емес, Ұлы Даланың Атасы болдым деші, ой, бәрекелді!", "Жақсы болды, Шман апаға жұп табылды" деп пікір қалдырып жатыр желі қолданушылары.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз