Актриса Айым Сейтметова өміріндегі қиын оқиға туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Актрисаның сөзінше, ол оқиға денсаулығымен байланысты болған. Айымның айтуынша, ол Кореяға әпкесінің жұмыстарымен барған кезде ауруханадан бірақ шыққан. Сол кезде күйеуі Талғат та бірге барған.
"Сол кезде өте ауыр күндер басымнан өтті. Мен ол адамды (болашақ күйеуі Талғатты-еск) екі аптадай ғана танитынмын. Әпкем денсаулығына байланысты операция жасатуы керек болған. Ол ауруханада жатуы керек еді. Оның орнына мен ауруханаға түсіп қалдым. Ауыр сәттер болды", - дейді Айым "Момский әңгіме" YouTube-арнасына берген сұхбатында.
Сол кезде кореялық дәрігерлер егер Айымға операция жасамаса өліп кетуі мүмкін екенін айтқан.
"Ішіме қан кете бастаған. Негізі айтатын нәрсе көп, бірақ қысқаша айып берейін. Сол кезде Талғат маған өте қатты қолдау көрсетті. Сондықтан қатты мазасыздана қоймадым. Қасымда әкем жүргендей сезім болды. Операцияға ақша жинадық. Бірақ операция Алматыда жасалатын болды. Маған қолхат жаздырып жіберді. Ұшақта жатып ұшып келдім", - дейді Айым.
Акрисаға жергілікті тұрғын - кореялық азаматтың қаны құйылған.
"Маған қан құйды. Абырой болғанда, жара жеңілдей түсті. Бірақ ішім қанға толы болды. Екіқабат секілді жүрдім. Осылайша мені Алматыға жіберді. Бастапқыда әрең жіберді. "Жарайды, өліп қалсам жауапкершілікті өзіме аламын" дедім. Егер өліп қалсам жауапкершілікті өзіме алатыным туралы қолхат жазып бердім. Алматыға келген кезде маған операция жасалды", - дейді актриса.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз