Шіліңгір шілде аяқталуға жақын, алайда әлі де қатты ыстық болады

Шіліңгір шілде аяқталуға жақын, алайда әлі де қатты ыстық болады
Фото: depositphotos.com

Қазгидромет 28, 29, 30 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Атмосфералық фронттар әсерінен еліміздің басым бөлігінде өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жел күшейеді, бұршақ та болжанып отыр. Шығыс Қазақстан облысында қатты жаңбыр жаууы мүмкін. Тек Қазақстанның оңтүстігінде Иран аумағынан ығысатын ауа массасы әсерінен жауын-шашын жаумайды.

Еліміздің басым бөлігінде ауа температурасы біртіндеп көтеріледі. Күндіз республиканың солтүстік жартысында ауа температурасы +30...+38 градусқа дейін, ал оңтүстік жартысында +33...+44 градусқа дейін жетеді.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget