- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Шілденің ортасында Алматыдағы...
Шілденің ортасында Алматыдағы кейбір аудандарда су беру шектеледі
Алматыда сумен жабдықтау желілерінде профилактикалық жұмыстар жоспарланған. Соған орай кейбір аудандарда уақытша су беру шектеледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
16 шілде сағат 09:00-ден 21:00-ге дейін жабдық ауыстырылады.
"Қаланың кейбір ауданында суық сумен жабдықтау шектеледі. Сумен жабдықтау шектелетін аумақтар:
- Медеу ауданы: Достық даңғылы - Қажымұқан көшесі – Назарбаев даңғылы – Сәтбаев көшесі, Самал шағынауданы - 1,2,3.
- Бостандық ауданы: әл-Фараби даңғылы – Батыс Желтоқсан көшесі - Ганди көшесі – Назарбаев даңғылы", - деп жазылған хабарламада.
Жауаптылар бұл жұмыстан кейін судың сапасы уақытша өзгеруі мүмкін екенін түсіндірді.
"Су құбыры желілері толық шайылып кеткенге дейін кір жуғыш/ыдыс жуғыш машиналар мен өзге де құрылғыларды пайдаланбаған жөн. Ақпарат алу үшін "Алматы Су" МКК диспетчерлік қызметіне 274-66-66 нөмірі бойынша хабарласуға болады. Уақытша қолайсыздыққа түсіністікпен қарауды сұраймыз", - деп кеңес берді мамандар.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова