Шілденің басында ауа райы қандай болады?

Шілденің басында ауа райы қандай болады?
Фото: depositphotos.com

Қазгидромет 2, 3, 4 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Алдағы үш тәулікте Қазақстан аумағына белсенді циклон ықпал етіп, ауа райы құбылмалы болады. Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, кей уақытта нөсер жауын, тіпті бұршақ жаууы мүмкін.

Республика бойынша 15-20 м/с-қа дейін жел күшейеді, 2-3 шілдеде оңтүстік пен оңтүстік-шығыста желдің екпіні 23-28 м/с-қа дейін жетеді. Қазақстанның оңтүстігінде шаңды дауыл соғады.

Батыс пен оңтүстік-батыста күндізгі ауа температурасы +31…+38 градусқа дейін жоғарылайды, солтүстік-батыста +27…+35 градус болады. Елдің солтүстігі мен орталығында ауа температурасы +18…+28 градусқа дейін төмендейді.

Республиканың шығысында аптап ыстық сақталып, ауа температурасы +30…+37 градус, ал оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде +25…+35 градус болады.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget