Қазгидромет 30, 31 шілдеге және 1 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Атмосфералық фронттар әсерінен еліміздің басым бөлігінде өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жел күшейеді, бұршақ та жаууы мүмкін. Солтүстік-батыста, солтүстікте, шығыста қатты жаңбыр болжанып отыр. Тек Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында Иран аумағынан ығысатын ауа массасы әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
Қазақстанның басым бөлігінде ауа температурасы біртіндеп көтеріледі. Ал батыс, солтүстік-батыс және солтүстік өңірлерде 1 тамыздан бастап аптап ыстық бәсеңдеп, күндіз ауа температурасы +25...+35 градусқа дейін төмендейді. Күндіз орталықта, шығыста және оңтүстік-шығыста +33...+41 градус, оңтүстікте +35...+44 градус ыстық болады.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова