Шілдеден бері Қазақстанда 68 млн дәрі қаптамасы таңбаланды

Шілдеден бері Қазақстанда 68 млн дәрі қаптамасы таңбаланды
Фото: ortcom.kz

Қазақстанда дәрі-дәрмектерді таңбалау жүйесі енгізілген сәттен бастап төрт айдың ішінде таңбалау кодтары препараттардың 66,2 млн қаптамасына жазылды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Денсаулық сақтау вице-министрі Ербол Оспанов мәлім етті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Таңбалау жүйесі іске қосылған төрт ай ішінде 68 млн-нан астам дәрі-дәрмек қаптамасы таңбаланған. Оның ішінде 39,3 млн қаптама - импорттық препараттар, ал 29,4 млн қаптама - отандық өндірістен шыққан. Қазіргі уақытта айналымда 28,5 млн дәрілік қаптама бар. Бұл жүйе препараттың әрбір қаптамасының өндірістен бастап, соңғы тұтынушыға дейінгі толық өмірлік циклін бақылауға мүмкіндік береді.

Бұл көлеңкелі нарық үлесін азайтуға, жалған өнімнің айналымын қоспағанда, қауіпсіздік пен сапа кепілдігімен пациентке бағдарланған дәрілік қамтамасыз ету жүйесін құруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар таңбалау жүйесі дәрі-дәрмектерді ұтымды пайдалануға және сатып алуды жоспарлауға әсер етіп, бюджет қаражатын едәуір үнемдеуге әкелуі керек.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

А. Бақдаулет