Елімізде шілдеден бастап электр мен жылу энергиясы қымбаттайтыны туралы бұған дейін де айтылған. Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров тарифтің неше пайызға көтерілетінін мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Министр журналистердің сауалына қарай биылғы шілдеден электр энергиясының тарифі қымбаттайтынын нақтылады.
"Бұл кейбір аймақтарда 10 пайыздан басталып, 30 пайызға дейін көтерілуі мүмкін. Жылудың жаңа бағасы жылу беру маусымы басталғанда қосылады. Ескеретін жайт, тариф мөлшері әр өңірде әртүрлі бекітіледі", - деді Әлібек Қуантыров.
Министрлік басшысының сөзінше, бүгінде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласында еңбек ететін жұмысшылардың да жалақысын көтеру кезек күттірмейді. Себебі жалақының аздығынан мамандар жұмыстан кетіп жатыр.
Әлібек Қуантыров ел аумағында жылу беру желілері 85 пайызға дейін тозғанын еске салып, проблеманы шешу үшін тарифті көтеру қолға алынғанын айтты.
Азамат Қойшығара
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!