"Қазгидромет" мамандары шілдеде ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Алдағы үш тәулікте республика аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөлімдер айқындалатын болады, осыған байланысты найзағаймен және екпінді желмен қысқа мерзімді жаңбыр жауады, 1 шілдеде елдің батысында қатты жаңбыр күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін, ал Қазақстанның солтүстігі мен орталығында ауа райы негізінен жауын-шашынсыз болады.
Күндізгі температураның солтүстікте 25-30-ға дейін, орталықта 30-35-ке дейін, оңтүстікте 33-38-ге дейін, оңтүстік-шығыста 28-33-ке дейін біртіндеп көтерілуі күтілуде, республиканың шығысында термометрлердің бағандары күндіз 17-25-ке дейін көтеріледі, ал елдің батысында температуралық фонда айтарлықтай өзгерістер күтілмейді, күндіз ауа 25-30-ға дейін, оңтүстік-батыста 33-38 градус болады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!