6 шілде күні Қазақстан мен Татарстан елдері астаналарының арасында жаңа әуе қатынасы іске қосылады, – деп хабарлайды Nur.kz тілшісі Іnform.kz ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.
Астанадан Қазан қаласына қатынайтын Boeing 737 ұшағы әр дүйсенбі және бейсенбі күндері Таразда және Алматыда ұштасуымен орындалады, деп хабарлайды SCAT әуе компаниясына сілтеме жасаған LS.
Сондай-ақ тасымалдаушы 32 әуе кемесін сатып алуды жоспарлап отыр.
«Ағымдағы жылдың үшінші тоқсанында компанияның флоты Bombardier CRJ 200 ұшағымен толығып, 19 әуе кемесін құрайды. Жаңа ұшақтар ішкі де, халықаралық рейстерді де орындайды. Компанияның жоспарында Қазақстанның аймақтық қалаларын Ресей қалаларымен қосу ісі де бар», — деп түсіндірді компанияда.
Бағдар құрылымын дамыту бағдарламасына сәйкес, 2015 жылы Астанадан Том қаласына және Өскеменнен Новосібірге қатынайтын екі әуе бағдары ашылды. Аталған бағдарлар Шымкент, Ақтау, Атырау, Ақтөбе, Өскемен және Алматы қалаларындағы ұштасуларды ескерген.